Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті


Колледжді директор басқарады.
Колледждің алқалық басқару органы - Педагогикалық кеңес болып табылады. Білім алушылардың оқу және тәрбие беру сапасын, әдістемелік жұмыстарды, Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін жетілдіре түсу мақсатында Әдістемелік кеңес, пәндік циклдық комиссия құрылған. Колледждің штаттық кестесі университет ректорының бұйрығымен белгіленеді және жыл сайын қабылданған студенттердің саны мен оқытушылардың оқу жүктемесіне байланысты реттеліп отырады.
Колледжде тиісті жоғары кәсіптік білімі бар азаматтардың ғана педагогикалық қызметпен айналысуға құқығы бар. Тиісті жоғары кәсіби білімі жоқ азаматтарға, қажетті мамандар болмаған жағдайда Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оларға педагогикалық қызметпен айналысу құқығы беріледі. Сот үкімімен тыйым салынған азаматтар педагогикалық қызметпен шұғылдануға жіберілмейді.
Жетістіктері
Колледж оқытушылары мен студенттері Алматы қаласы Әуезов әкімшілігі және университеттің ұйымдастыруымен өткізілетін мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға белсене қатысады.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ колледжіне қабылдау туралы:
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Ладыгин көшесі 32,
тел:( 8727) 220-12-88, 220-16-46