Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті


(Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Ғылыми кеңесі мәжілісінде бекітілген, 2009 жылдың 31 наурызындағы № 5 хаттамасы)
Мүмкіндігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түрлі әлем елдерінің мамандары мен студенттерін біріктіретін халықаралық-танымал ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде орныға бастаған жаксы жетістіктерге жетуге талпынады.
Миссиясы және міндеттері
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті техникалық білім беру бойынша алдағы уақытта жаңа ұрпаққа техникалық білімді мамандар даярлау жолындағы қоғамның парасатты және кәсіптік дамуына өз үлесін қосады.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ миссиясы мыналар болып табылады:
• үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын ұсыну жолымен білімге негізделген қоғамды дамытуға өз қызметін бағыттау;
• ғылыми-зерттеу қызметін, күрделі ойлауды, кәсіптік дағды мен шеберлікті дамыту арқылы оқушыларды жетілдіру;
• әртүрлі білім беру саласында студенттерді оқытуда жоғары кәсіптік тәжірибені қолдану;
• еңбек нарығы үшін техникалық мамандардың бәсекеге қабілетті жаңа ұрпағын даярлау;
• академиялық ықпалдастық және интеллектуалдық мотивациялы білімге талпынатын әртүрлі мәдениет пен ахуалды құратын адамдарды қарсы алуы және қолдауы;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, алдыңғы әлемдік практикаға негізделген білім беру қызметін енгізу және мамандардың өз брэнд даярлығын дамыту;
• экономика және бизнес секторы үшін мамандар даярлаудағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, техникалық сала мамандықтары бойынша еңбек нарығының талаптарына сәйкес «университет-индустрия» ынтымақтастығын дамыту;
• бүкіл өмірімізге арналған оқыту қағидасы бойынша оқуды ұйымдастырудың жаңа оқыту технологиясын, мультимедианы қолданып қосымша білім беру және тренинг бағдарламаларын дайындау;
• техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін білім сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, ұйымдармен ынтымақтастық орнату.