Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

 RU EN
Версия для печати

«ҚазҰТУ көктемі» көркемөнерпаздардың дәстүрлі байқау фестивалі.

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті тек инженер мамандарды даярлап шығаратын ұстахана емес, сондай-ақ студент жастардың мәдени орталығы болып табылады.
     Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың көркемөнерпаздық үрдісінің өзіндік бай дәстүрі бар. Мінеки, 44 жыл бойы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «ҚазҰТУ көктемі» көркемөнерпаздардың дәстүрлі байқау фестивалінің өткізілуі биылғы көктемде Университетіміздің 75 жылдық мерейтойымен қатарлас келді.
     Фестиваль күндерінің барлығында электрондық табло мен ішкі ТВ бойынша жарнама жүргізіліп жатты, сондай-ақ ТВ арқылы концерт тікелей көрсетіп, ондағы байқау тартысының шиеленісті сәттерін, жанкүйерлердің қызуқанды қатысымын байқатып отырды. Акті залы сахнасындағы айқара ашылған, әдемі көріністер барлық келушілердің көңілдерін толқытты.
     Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың көркемөнерпаздар ұжымы тек Алматы қаласында ғана емес, одан тыс, республика көлемінде, сондай-ақ шетелге белгілі, танымал. Олардың ішінде аты аңызға айналған, 1973 жылғы студенттер мен жастар Бүкілодақтық фестивалінің алтын медалін иемденген әйгілі «Досмұқасан» ансамблі, сондай-ақ ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының профессоры Бекболат Тілеуханов та бар.
     Университет сахнасы төрінен Ильяс Есенберлин, Медеу Сәрсеке, Иранбек Оразбаев, Қасымхан Бегманов студент қауымға өз шығармаларын оқып берді. Университеттің би және хор ұжымы Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды, олар съездер Сарайында және Мәскеудегі 80 жылы Олимпиаданың ашылу салтанатында өнер көрсеткен болатын.
     2004 жылы Университетттің 70 жылдығына орай «ҚазҰТУ Гимні» жазылды. Ол «Той жыры» әнінің авторы Ұ.Сыдықовтың сөзіне, Д.Сүлеевтің және «Досмұқасан» ансамблінің жетекшісі М.Құсайыновтың әніне жазылған. Университеттің барлық мәдени іс-шаралары мен концерттік бағдарламалары ҚазҰТУ Гимнімен аяқталады.
     Бүгінгі күндері болып жатқан фестиваль концерттері концерттік бағдарламаның 25 номинациясы бойынша өтіп жатыр. Жыл бойы жүйелі жүргізіліп отыратын университеттегі мәдени-бұқаралық шаралардың барлығы «ҚазҰТУ көктемі» фестивалінің жаңа Ережесіне сәйкес дайындалған және іске асырылады. Жылдық рейтинг жасалады, ал фестивальдың өзі жылдық қорытынды шара болып табылады.
     Концерттке күндізгі бөлім студенттері, аспиранттары мен магистранттары, штаттағы оқытушылар мен қызметкерлер қатыса алады.
     Институттар мен колледжден бейтарап, 7-9 адамнан тұратын алқа құрамы іріктей отырып сайланады, олар университеттің құрылымдық бөлімшесі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан алынады және ректордың бұйрығымен бекітіледі.
     Оқу жылы бойынша мәдени-бұқаралық шаралардың жалпы қорытындысы жыл сайын гала-концертте хабарланады (ереже бойынша Қ.Сәтбаевтың туған күні, яғни 12 көкек күні).
     Көркемөнерпаздар ұжымы мен жетекшілер, конкурсқа қатысушылар жеке номинациялар бойынша марапатталады. Институттардың көркемөнерпаздар ұжымдарының арасынан гран-при, алғашқы үш орынды (І,ІІ,ІІІ) және көрермендердің көзайымы номинациясын жеңіп алғандар анықталады.
    Университеттегі көркемөнерпаздықтың дамуына күні бүгінгі дейін тәрбие жөніндегі жұмыстар Департаменті директорының орынбасары, көркем шығармашылық бөлімінің бастығы Шолпан Өмірзаққызы зор үлес қосып келеді, ол бұл қызметті 2000 жылдан бастап атқарып келе жатыр. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру жұмысын оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы, ҚР Құрметті білім қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ шығармашылар академиясының академигі, «Қазақ эстрадасының аңызы» атағының иегері Ұлықпан Есілханов және 2001 жылдан бастап университеттің тәрбие жұмысы Департаментін басқарып келе жатқан Рәт Шындәліұлы Бердібаев жүзеге асырады.

 

powered by Drupal